Әл-Фараби ауданының салық төлеушілерімен кездесу өтті

53

Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілермен кездесу өткізді.

Мақсат жеке және заңды тұлғаларға ҚР Салық Кодексі жайлы баяндап, ондағы өзгерістер жайлы түсініктеме беру.

Кәсібін дөңгелеткен азаматтар салықты төлеуге қатысты сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік алды. Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бұл жиынды кездейсоқ ұйымдастырған жоқ. Өйткені салықты төлеу, декларация тапсыру, кассалық бақылау аппараттарын пайдалануда әлі күнге дейін күрделіктер барын сала мамандары жасырмады.

Бақдәулет Әшенов, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы: «Негізгілері кассалық бақылау апараттарға байланысты 3 құрамды игнетграциялық жүйе енгізілген. Ол салық төлеушіге өте ыңғайлы. Оңтайландырылған декларация бойынша салық төлеушінің шекті айналымы».

Кездесу барысында басқарманың бөлім басшылары ҚР Салық Кодексіндегі өз салалары бойынша жеке және заңды тұлғаларға жүктелетін міндеттерді баяндап, сұрақтарға жауап берді.

Рано Юлдашева, компания өкілі: «Мұндай  кездесулер өте пайдалы, қазіргі заманда барлығы өзгеріске ұшырап, көптеген жаңашылдықтар енгізілуде.  Кәсібімізді жүргізуде қажетті ақпарды басқармасының бөлім басшылары түсіндіріп берді. Бізде туындаған әрбір сұрағымызға толыққанды жауап алдық».

Сондай-ақ, жиналған қауымға мамандар жер, мүлік, көлік салығын төлеу, міндетті төлемдер бойынша елімізде енгізілген жеңілдіктер Е салық Азамат Е салық бизнес жүйелері жажұмысы жайлы баяндап берді.