Көп қабатты үйлердің аулаларында салынған балалар алаңдары көздің жауын алады. Балалар әткеншектер мен сырғанақта ойнаса, жеткіншектер тренажерларда денелерін шынықтырып, ересектер жайлы орындықтарда тынығуда.
Алайда тұрғындар тарапынан ескертулер де жоқ емес. Лидия Олещенко Диваев көшесіндегі 144 б үйде 2003 жылдан бері тұрады. Аула тыныш, дүкен жақын. Өткен аптада балалар алаңы пайдалануға беріліп, аула абаттандырылды. Кішкентай балалар мен жасөспірімдер үшін қуаныштымын. Мен бей-жай қарамайтын адаммын, сондықтан кемшіліктерді ашық айтайын»,- дейді.
Лидия Олещенко, қала тұрғыны: «Биыл ауламызды абаттандырды, мына қоқыс жәшіктері қоқысқа толы. Ол аптасына бір рет шығарылады. Аула жинайтындар асықпай келеді, шәй ішіп алады, сосын тазалауға кіріседі. Мен өзім 3 қабатта тұрамын. Үйіміздің дәл жанына шатыры бар тынығатын орын бой көтерді. Кешкі уақыттан бастап, түннің ортасына дейін тыныштық жоқ. Шу».
Лидия апай балалар алаңын аралатты. Қысқа уақыт ішінде велосипед тренажерының істен шыққанын көрсетті. Жас аналар балаларына ескерту жасамайды, олар кәмпит, балмұздақтың орамаларын алаңға лақтыра салады деп шағымданды. Зейнеткер отбасындағы дұрыс тәрбие-үйдегі, сондай-ақ ауладағы тәртіптің кепілі екеніне сенімді.
Көрші аулада да балалар алаңшасы жаңадан салынған. Құрылыс барысында тұрғындар қолдарынан келгенше көмектесіпті. Ауланы қураған ағаш бұтақтарынан тазалап, шаң болмасын деп су сепкен. Нысан мен сапарда болғанда пайдалануға тапсырылыпты, сондықтан жұмыс барысын бақылауға мүмкіндігім болмады, жалғыз ескертуім бар,- дейді Юрий.
Юрий, тұрғын: «Балалар ойын алаңшасы үшін үлкен рахмет. Мұнда тренажерлар, төбешіктен сырғанақ, әткеншектер бар. Балаларымыз үшін қуаныштымыз. Бір өтінішіміз, балалар алаңшасы бар қоршаудың мына бөлігіндегі жерді тегістеп бетондамаса, жаңбыр жауғанда лай су балалар алаңшасына ағады. Құрылысшылар бәрін қарастыруы керек еді».
Балалар алаңын салған мердігер мекеменің өкілі балалар алаңшасындағы элементтердің жұмысына қатысты кепілдік мерзім барын және техникалық қадағалау жүргізілгенін алға тартты.
Журабек Анартаев, мердігер мекеменің прорабы: «Ойын алаңдарындағы элементтер істен шықса, бұзылса, онда біз өз есебімізден жөндеп береміз. Кепілдік мерзімі 24 ай. Ал тұрғындар айтқан төбешікті тегістеу бойынша жұмыс жүргіземіз. 15 нысанда жұмыс жүргіздік, біреуінде ақау шығып қалады. Тұрғындар түсіністік танытса….»
Мердігер мекеме бір ай болды О. Жандосов көшесіндегі екі балалар алаңшасының құрылысын жүргізуде. Жұмыс барысында тұрғындардың өтінішіне және құрылыстың сапасына мұқият боламыз деп уәде берді прораб.
Шынар Оразова