Úı ANONS Еуропада табиғи газ бағасы шарықтады

Еуропада табиғи газ бағасы шарықтады

Еуропада табиғи газ бағасы шарықтады. Бұған ресейлік «Газпромның» көгілдір отын тасымалын үш күнге толықтай тоқтату туралы шешімі себеп.

Компания тамыздың 31-і мен қыркүйектің 2-не дейін «Солтүстік ағын -1» құбырына жөндеу жұмыстарын жүргізетінін хабарлады. Бұл жаңалықтан кейін Еуропа елдерінде бір мың текшеметр табиғи газдың бағасы 2 мың 700 долларға жетті. Сарапшылардың болжамынша, жөндеу жұмыстары басталғанда, баға 3 мың доллардан асуы мүмкін.

Техникалық қызмет көрсету аяқталғаннан кейін, «Газпром» Германияға тәулігіне 33 млн текше метр газ жіберуді жалғастыратынын мәлімдеді.