Жаңа оқу жылы қарсаңында Шымкентте қайырымдылық акциялары жалғасуда. Кезекті шара Қарабастау тұрғын алабындағы №99 мектеп-гимназиясында өтті. «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында аз қамтылған, көпбалалы отбасыларынан шыққан балаларды оқу жылына дайындауға «Шымкентмұнай» зауыты мен кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктер, депутаттар қолдау көрсетті.
Балаларға қуаныш сыйлау мақсатындағы кезекті мерекелік шара №99 мектеп-гимназиясында өтуде. «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы «ПетроҚазақстан ОйлПродактс» ЖШС- Шымкентмұнай зауыты, Еңбекші ауданындағы кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың белсенділері мен қалалық мәслихаттың депутаттары қолдау көрсетті. Жиында Қарабастау тұрғын алабының балалары жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдарымен киіммен қамтылды.
Зерда Ахмедова, №99 мектеп-гимназиясының оқушысы: «Биылғы оқу жылына бізге қажетті мектеп формасын сыйлап жатыр ,үлкен рахмет. Біз ағаларымыздың үмітін ақтауға тырысамыз».
Конституция күні қарсаңында өткен қайырымдылық акциясына қатысқан Еңбекші ауданы әкімдігінің өкілдері, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, ұстаздарды ата-аналар мен балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, толағай жетістіктерге жетуге тілек білдірді. Өз кезегінде ата-аналар қолдау көрсетіп, қол ұшын берген қауымға алғыстарын жеткізді.
Нәзира Әлменова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Мектеп ұжымына, «ПетроҚазақстан-ға» үлкен рахмет. Менің 4 немерем осы мектепте оқиды, балаларым да осы білім ошағын бітірген, рахмет үлкен».
«Мектепке жол» республикалық акциясы биыл осымен 15 — рет ұйымдастырылуда. Акция шеңберінде балалар кеңсе керек-жарақтарымен, мектепке қажетті киіммен қамтылады. Жылдан жылға демеушілік көмек көлемі де артып келеді.
Сәуле Ысқақова, №99 мектеп-гимназия директоры: «Мектепке жол» акциясында мектептегі 600 — ден астам балаға қолдау көрсетілді. «ПетроҚазақстанның» басшыларына, ұжымына, аудандағы кәсіпкерлерге, аналар қоғамдық бірлестігінің төрайымы, мешіттің имамына алғысымыз шексіз».
Жаңа оқу жылында №99 мектептің 2086 оқушысы екі аусымда бескүндік кесте бойынша дәріс алады. Оқу ордасының бас демеушілері «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-Шымкент мұнай зауыты мектепке алдыңғы жылдары интерактиві тақта, тігін машиналары, компьютерлер, аудио, бейне аппаратуралар мен оқу жабдықтарын сатып алуға қолдау көрсеткен.