Қазақстан әлемде интернеті ең арзан елдердің бірі. Кэйбл Ко Юкей веб-сайтының рейтингінде біздің ел 233 мемлекеттің арасында 16-орында тұр. Сарапшылардың мәліметі бойынша Қазақстанда 1 гигабайт пакет интернеттің құны бар-жоғы 0,37 доллар, яғни 177 теңге. Ал әлемде ең арзан ғаламтор Израильде екен.
Бұл елдің азаматтары небәрі 4 цент төлейді. Екінші орында Италия. Орталық Азия бойынша Қырғызстан мен Өзбекстанда да мобильді интернет арзан. Қырғыз елі рейтингте 6-орынға жайғасса, Өзбекстан бізден бір саты жоғары тұр.
Қалған көршілерімізде ғаламтор құны біршама қымбат. Ресейде 1 ГБ 0,48 доллар, Тәжікстанда – 1,94 доллар. Интернет тарифі 14,27 долларға жеткен Түрікменстан тіпті ғаламторы ең қымбат мемлекеттер қатарында тұр.
Шынар Оразова