Темекі өнімдеріне акциз ставкалары кезеңімен көтеріледі

31

ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес темекі өнімдеріне акциз ставкалары кезең-кезеңімен көтеріледі. Ставкалар  2023, 2024 және 2025 жылдарға бекітілген. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Атап айтқанда, Фильтрі бар сигареттер. Сондай-ақ сигарилларға акциз ставкалары сигареттер ставкаларына теңестірілген. Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігін килограмнан данаға өзгерте отырып, сигареттерге акциз ставкасының мөлшерінен 70 пайыз деңгейіндегі акциз ставкасы айқындалды.

Одан бөлек, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына өзгерістер енгізілді. Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка артты.

Шынар Оразова