Түркістан: Бизнес қауымдастығында қандай мәселелер бар?

51

Түркістанда өңір басшысы облыс кәсіпкерлерімен кездесті. Өмірзақ Шөкеев бизнесмендерді жинап қана қоймай, жастарға да сөз беріп, пікірін тыңдады. Аймақ басшысы жиындағы кіріспе сөзінде туындаған барлық сұрақтарға жауап алынғанша ешкім ешқайда кетпейді деп уәде берді.

«Өмірзақ Естайұлы, бізге ұят! Мәселені кім шешеді».

Түркістандық кәсіпкер облыс әкіміне жүгінді. Оның кәсіпорны индустриялық аймақ аумағында орналасқан: экспорт жолға қойылған, бірақ логистика мәселесі шешілмеген. Сондықтан кәсіп иесіне тауарларды поезбен тасымалдау қызметі үшін артық төлем төлеуге тура келіп отырған көрінеді.

«Индустриалды аймақтағы ТЖ жолдары 2015 жылдан бері тоқтап тұр. Біздің шығындарымыз өте үлкен, бұл өте қол жетімді», дейді кәсіпкер.

Жиында айтулы мәселеге қатысты жауапты шенеуніктердің ешқайсысы нақты жауап бере алмады.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі: «Құзырлы орын мұнымен тез арада айналысу тиіс. Болмаса ақшасын қайтарып беру керек, не индустриялық аумақты жөндеп беру керек. Ол жерде кәсіпкерлер жұмыс жасайды. Олардың жұмысынан біз үлкен үміт күтіп отырмыз».

Темір жолдар жобасы дамитын болады, бірақ қашан, қалай екендігі қазірше белгісіз. Түркістан облысының әкімі жауапты мамандарға мәселені сол жерде шешіп, жұмыс нәтижесін баяндауға тапсырма берді.

«Бұл нысанға Түркістан қаласының әкімі бірнеше рет келген. Пойыздар ол жерге бармайды. Бюджеттік өтінім жасалды, онда көптеген кемшіліктер бар, кейбір дүниелер ұрланған».

Көптеген жауапты компаниялар кепілді қызмет көрсету бойынша кемшіліктерді уақытында жоймайды. Мәселе осында. Шартта көрсетілген міндеттемелерді толық орындамайды немесе жөндеудің өзін сапасыз жүргізеді.

Әсел Мәлік