Азат шағынауданын көгілдір отынмен қамту жұмысы аяқталды

Азат шағынауданында газ мәселесі шешімін тапты.

Тұрғындарды көгілдір отынмен қамту толығымен аяқталды. Шағынауданға жалпы 8,9 шақырым газ құбыры тартылған. Нәтижесінде 519 абонент көгілдір отынмен қамтылады деп көзделіп отыр. Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент филиалы тарапынан абоненттеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, биыл мегаполис бойынша 15 нысанды көгілдір отынмен қамту құрылысы жүріп, жыл соңына дейін 34 мыңнан астам тұрғын табиғи газ жүйесіне қосылады.