Еуропа банкі мен «Су ресурстары-Маркетинг» арасында келісімшарт түзілді

78

Еуропаның қайта құру және даму банкімен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС алтыншы келісімшартты бекітіп, қол қойды. Аталған компания бүгінге дейін банктің байырғы және сенімді серіктесі болып келген. Алғашқы келісімшарт осыдан 13 жыл бұрын, 2009 жылы түзілген. Банк қаржысы қандай бағытқа жұмсалады? Келісімшарттың тиімділігі неде?

Еуропаның қайта құру және даму банкімен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС алтыншы келісімшартқа қол қойды. Аталған банк қаржысынан компания өндірісін жаңғыртуға және жаңа жабдықтармен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Соның арқасында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС саладағы көшбасшы мекемеге және үлгілі кәсіпорынға айналып отыр.

Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Біз инфрақұрылымды дамыту бойынша ауқымды жобаларды шешуіміз керек. Себебі, Шымкент республикалық дәрежедегі қала болады деп шешім қабылданған кезде, бізге 81 елді мекен қосылды. Олар бұрын аудан құрамындағы елдімекендер болған. Сондықтан бізге осы аумақтарға инфрақұрылым тартуымыз керек және оған сіздердің көмектеріңіз қажет».

Еуропа банкі делегациясының басшысы Шымкент әкімдігіне қаладағы банк жобаларына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, Алан Пию «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің жұмысына оң бағасын берді.

Алан Пию, Еуропа қайта құру және даму банкінің вице-президенті: «Анарбек Орман басқаратын компания ерекше екенін атап өткен жөн. Халыққа қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасы тұрғысынан бүкіл Орталық Азияда мұндай іскерлік және нәтижелі жұмыс көрсеткен басқа мекемелерді байқағанымыз жоқ. Сондықтан біз келесі құжатқа да сеніммен қол қоямыз!».

Қаржы Шымкенттегі шабындық Су тазарту қондырғылары кешенін ұлғайтуға жұмсалады. Қазіргі уақытта тазарту кешенінде тәулігіне 150 000 текше метр кәріз суы өңделеді. Алайда суды пайдаланушылар саны күн санап өсуіне байланысты кешеннің қуатын тәулігіне 200 000-ға дейін жеткізу қажет.

Бақтиер Файзиев, ЕҚДБ «Еуразия» инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары: «Бүгін өте маңызды күн – біз 2009 жылдан бері серіктесе жұмыс істеген, клиентіміз «Су ресурстары-Маркетинг » ЖШС-мен кезекті жобаға қол қойдық. Бұл компанияның қаладағы және оның айналасындағы экологиялық жағдайды жақсартуға қосқан үлесі мен көмегі — оның тағы бір жетістігі. Сондай-ақ, кәріз-тазарту құрылысын кеңейту компанияның тиімді жұмысын жүйелер түседі, бұл тағы біраз тұрғындарды кәріз желілеріне қосуға мүмкіндік береді».

Айта кетейік, ьанктен алынатын кредиттік транш 3,3 миллиард теңге. Ал дәл осындай соманы инфрақұрылымды дамытуға Қазақстан Үкіметі субсидия ретінде бөледі.