«Ruh camp» көшпелі семинары Шымкентке келді

69

Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасының қызметкерлері үшін «Ruh camp» көшпелі семинары басталды. Оны Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мен Қазақстан әлеуметтік даму институтының қызметкерлері ұйымдастырып отыр. Вебинарға 30-дан астам әкімдік қызметкерлері қатысты. Оқыту семинары қызметкерлердің коммуникативті және сараптамалық дағдыларын, сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға бағытталған. 


Шымкентте шенеуніктерге арналған «Ruh camp» көшпелі семинары басталды. Оған отыздан астам мемлекеттік қызметкер қатысты. Олардың арасында ішкі саясат бөлімінің де мамандары бар. Дәрістерді белгілі коуч-тренерлер, республикалық сарапшылар қауымдастығының өкілдері, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Қазақстан қоғамдық даму институтының қызметкерлері жүргізді.

Президент биылғы жолдауында  Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту туралы баса айтқан болатын.

 Риззат Елубаев, «Қазақстандық қоғамдық даму институтының» сарапшысы:
«Осы аймақтағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру өте мағызды. Сондықтан «Ruh camp» көшпелі семинары өз жұмысын бастағалы отыр. Жоспар бойынша бірнеше қаланы аралап сабақ өтуіміз керек. Мемлекеттік қызметкерлердің деңгейін көтеру үшін өткізіп жатырмыз».

Бұл семинар қызметкерлердің коммуникативті және аналитикалық дағдыларын, сыни ойлауын дамытуға бағытталған. Сондай-ақ тренерлер деректермен дұрыс жұмыс істеп, жаңа әдістер мен дағдыларды үйрету үшін келген. Сондықтан Елордалық белгілі сарапшы екі күн бойы жергілікті мамандарға кезең-кезеңімен сабақ өтеді.

Рүстем Қанапиянов, «Қазақстандық қоғамдық даму институтының» жоба жетекшісі:
«Бүгін Түркістан, Шымкент, Қызылордадағы идеология саласына жауап беретін 30-дан аса маманға семинар өткізіліп жатыр. Мұнда елордалық бірнеше белгілі тренерлер екі күн бойы мамандарға сабақ өтеді».

Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификат табыс етіледі. Айта кетейік, бұған дейін «Ruh camp» көшпелі семинары Көкшетау мен Ақтөбе қалаларында өткізілген еді. Келесі кезекте Алматы мен елордалық әкімдік қызметкерлері тұр.