ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті Жаңалықтар 

ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жазушы-драматург Дулат Исабековтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Ұлтын сүйген дара тұлға» атты шығармашылық кешіне келген қонақтармен кездесті. Олардың қатарында мерейтой иесі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық ПЕН клубы және платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабеков, жазушы, «Құрмет» орденінің иегері Бексұлтан Нұржекеев, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы мен «Құрмет» орденінің иегері Қазыбек Иса болды. Кездесуде сөз алған өңір басшысы мерейтой иесін құттықтап, «Ұлтын сүйген дара тұлға» атты шығармашылық кештің сәтті өтуіне тілегін білдірді. — Біз Сізді жазушы, драматург, ұлтымыздың болмыс-бітімін сол күйі келешекке…

Read More
Жаңалықтар 

Қаламгер Дулат Исабековтың 70 жасқа толған мерейтойы Шымкентте жалғасты

ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург- Дулат Исабеков 70 жаста. Мерейтойға орай қаламыздағы облыстық әзіл-сықақ және сатира театры қаламгердің «Бонапарттың үйленуі» атты комедиясын көрермендерге ұсынды. Спектакльдің сюжеті бойынша бір ауыл Кеңестік қоғамның қағидасымен өмір сүреді. Оқыған сол ауылдың азаматы жерлестерін бодандықтан босатуға талпынып әрекет жасайды. Оның еңбегі зая кетпей, оң нәтиже болады. Сонымен қоса, қойылымда осындай өмірдегі қайсыбір кездесіп жатқан олқылықтар мен адамдардың саясат ықпалында күн кешкендігі ашық көрініс тапқан. Ал спектаклб желісі бойынша басты кейіпкер Қабанбай — үлкендердің ұстаныпотырған кеңестік кезеңнің саясатын өздеріне кебін қылып кигізіп береді. Дулат Исабековтың бұл…

Read More
Жаңалықтар 

Д. Исабеков, жазушы: «Қарағандыдағы оқиғаны 21 жыл бұрын жазғанмын»

Көзбояушылық пен қағазбастылық жақсылық әкелмейді. Осыдан 21 жыл бұрын жазылған шығармада айтылған ой театр сахнасы арқылы көрермендеріне енді жетті. Ж.Шанин атындағы қазақ драма театры жазушы Д.Исабековтің «Енді қайттік» атты пьесасының премьерасын ұсынды. 1991 жылға дейін ел басқарған көсемдердің ауысуы сахнада көрініс табады. Одан соң, Қазақстан тәуелсіздік алып жаңарулар басталады. Осы кезеңде ауылдан қалаға жұмыс іздеп сабылғандардың саны азайту үшін тізгіндегілер өздігінше әдіске көшеді. Ол — ауылға көпқабатты үйлер салу арқылы қала мен ауылды теңестіру еді. Шаш ал десе бас алатындар бұл істі немқұрайлы атқарады. Ғасыр құрылысы деп айқайлғандар көпқабатты үйдің…

Read More