Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында төртінші рет бауыр трансплантациясы сәтті өтті. Ота А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы басқарма төрағасы, профессор, академик Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен жасалды.
39 жастағы науқасқа жағдайы өте ауыр болған. Оған дәрігерлер бірнеше диагноз қойған, 10 жылдан бері диспансерлік бақылауда тұрған. Соңғы уақытта ауруы асқынып, жалпы жағдайы нашарлаған. Дәрігерлер бауыр трансплантациясы оның өмірін сақтап қалудың жалғыз тиімді жолы деп тапқан.
Қазіргі таңда науқас дәрігерлердің бақылауында. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтіп жатыр. Трансплантацияланған бауырдың қызметі біртіндеп тұрақтануда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл ота өңірдегі трансплантология саласының дамуына серпін беріп, жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді дейді.
Дилара Иса






