Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтеді

19

Шымкентте 16 қыркүйек күні сағат 16:00-де «Халық заңгері» жалпыұлттық акциясы өтеді. Акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету.

Кез-келген азамат қатысып, заңгерлік қоғамдастықтың үздік өкілдерінен қажетті кеңесті тегін ала алады. Ұйымдастырушылар – Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі бөлімі.

Айта кетейік, акция Тәуке хан 5 мекен жайында орналасқан М.Әуезов атындағы университетте өтеді.