Абай ауданындағы Бәйдібек би көшесінің бойында жиһаз цехында өрт шықты, деп хабарлайды ОТЫРАР.
«Жалпы ауданы 900 шаршы метрді құрайтын жиһаз цехының шатыры өртенді. Шатырдың жану алаңы 150 шаршы метрді құрады. 0,12 га алқаптағы құрғақ шөп және «Береке» ЖШС аумағында Байтұлы баба №9 ашық алаңда 100 шаршы метр аумақта битум жанған», — деп хабарлады Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен.
Қазір өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 40 қызметкері мен 6 бірлік техника, 2 су тасушы, жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері шықты.