Шымкенттіктер Президент жолдауына қатысты пікір білдірді

158

Шымкенттіктер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдауына қатысты пікір білдірді. Президент қарапайым жұрттың көкейінде жүрген мәселелердің шешімін айтып, бірқатар оң өзгерістер болатынын мәлімдеді. Ал үшінші мегаполистің депутаттары, шенеуніктері және қоғам белсенділері оған кәміл сенеміз дейді.

Әр отбасы ұлттық байлықтың игілігін көру керек. Осылай деген Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында әр балаға 18 жасқа дейін ұлттық қор табысының бір бөлігін аударып отыруды ұсынды. Ал кәмелетке толған бала жеке есепшотындағы ақшасын баспана мен білім алуға жұмсауына болады. Қазақстанды стратегиялық зерттеу институтының өкіліның айтуынша, мемлекет басшысы халықты толғандырып жүрген мәселелерді жолдауында толық қамтыған.

Бектай Орманов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанды стратегиялық зерттеу институтының оңтүстік аймақтық өкілі: «Біз енді Қазақстан бойынша халықтың тұрмыс деңгейі, олардың әлеуметтік мәселелерін зерттеп, талдап, сараптаймыз. Халықпен біргеміз. Енді бүгінгі жолдаудың ерекшелігі халықтың негізгі сұранысына негізгі мәселесіне тереңірек тоқталды. Халық әділдік, жемқорлық, табиғи байлықтан түсетін байлықтан үлес мәселесін көтерген еді. Енді әр бала табиғи байлықтан 18 жасқа дейін белгілі бір мөлшерде үлесін алып оытратын болды».

Жолдауда әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырылатыны айтылды. Шымкент қалалық мәслихат депутаты Рәшкүл Оспанәлиева 61 жас та нәзік жандылар үшін жоғары дейді. Алайда, халық қалаулысы әйелдердің жанайқайын естіген Президент бұл мәселе кезең-кезеңімен шешеді деген сенімде.

Рәшкүл Оспанәлиева, Шымкент қаласының мәслихат депутаты: «Мен ойлаймын, үкімет те енді жиналған қаржыны басқаны есептеп жатқан шығар. Бірақ келешекте 58 жасқа төмендету керек. Бірақ бүгінгі таңда тағы да мынандай нәрсе бар. Егер зейнетақы қорындағы ақшасына жететін болса, 55 жастан болса да шығып кете беруіне мүмкіндік бар екен».

Президент жолдауына мегаполистің педагогтары да қолдау білдірді. Айтуларынша, балабақшалар ғана емес тәрбиешілердің де атестациядан өтуі өте орынды.

Бибігүл Салыбекова, Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының мұғалімі:
«Ең басты өзгеріс бұл мектепке дейінгі білім беру жүйесін жанжандыру жолы бойынша үлкен серпінді ойлар айтылды. Тәрбие бұл басты мәселе болғандықтан біз әрбір балаға сапалы тәрбие беруді жолға қою үшін, яғни біздің тәрбиешілеріміздің алдағы уақытта біліктілік санатын аттестаттау жүйесі жайында айтылды. Сонымен қатар олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту маңызды деп санап, олардың еңбек ақысын жоғарылату мәселесі де қаралды. Алдағы уақытта біз үлкен серпілістер мен үлкен тың өзгерістерді күтеміз».

Президенттің судьяларды сайлау туралы айтқаны орынды деген заңгер бұл әділетті Қазақстан құру да өте маңызды екенін айтты. Әрі өзінің ұсынысын білдірген Бекет Тұрғараев алдағы уақытта бұл да назарға алынса екен дейді.

Бекет Тұрғараев, заңгер: «Негізі сот халыққа жақын болу керек. Бәрі Астанаға жүгіре бермей, әрбір жерде облыста бақылау комиссия болу керек. Бұаған дейін Президент те бұл мәселені қоладған. Алдағы уақытта шешімін табады деген ойдамын».

Айта кетейік, ҚР Президентінің кезекті жолдауын тікелей эфирден Шымкент қалалық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері бірге тыңдады. Мемлекет басшысының тапсырмасын алған шенеуніктер бірден іске кірісетінін айтты.