Экологияны ластаған кәсіпорындарға 11,4 млрд. теңге айыппұл салынды

29

Алматыда экологияны ластаған кәсіпорынға 11,4 млрд теңге айыппұл салынды. Қалалық эколгия департаменті мамандарының мәліметінше, «Казферросталь» ЖШС Кіші Алматы өзенінің жағасына ірі көлемде темір қалдықтарын көмген.

Металлурагиялық кәсіпорынға қатысты тексеріс 2022 жылдың сәуір-мамыр айларында жүргізіліп, бірқатар заңбұзушылықтар анықталған. Нәтижесінде, кәсіпорынға қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырылған. Бұл істі жылы жабу үшін аталған серіктестік басшысы қалалық экология департаментінің мамандарына 75 млн теңге пара да ұсынған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі аталған деректі растады. Қазір кәсіпорын басшысы уақытша ұстау изоляторында отыр.

Дінмұхаммед Лесбеков, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық инспекторы: «Заңсыз көмілген металлургиялық шлактің көлемі 125 мың текше метрді құрайды және ол мемлекеттік меншікке тисеілі 3,1 га аумаққа заңсыз көмілген. Тексеру қорытындысы бойынша 3 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның екеуі дер кезінде төленді. Бір хаттама бойынша сот істері жалғасуда».