Ақмола облысының диқандары егін орағын аяқтады

22
фото Информ.кз

Ақмола облысының диқандары егін орағын аяқтады. 4 миллион 660 мың гектар алқаптан 5 жарым млн тонна астық жиналған. Шығымдылығы 12 центнерге жуықтайды.

Биылғы бидайдың сапасы жақсы. Қамырлығы – 28 пайыздан жоғары. Қамбаға түскен бидайдың 96 пайызы 3-інші классқа жатады. Облыста жалпы сыйымдылығы 4,7 миллион тонна болатын 70 элеватор бар. Оларға 2 миллион тонна бидай жеткізілген. Қазір майлы дақылдарды жинап жатыр. Алқаптардың 60 пайызы орылған.

Нығмет Хасенов, серіктестік басшысы:»Биыл шығымдылығы жаман емес, биылғы жылға өте жақсы. Сапасы да жоғары болып тұр. Бидайымыздың натурасы да, клейкавинасы жоғары. 30 проценттің маңайында клейкавинасы, натура 800-ге дейін жетеді. Бидайымызды біз элеваторға тазартпай, площадкадан тура жіберіп жатырмыз».