«KENTAU KIDS MARATHON 2022» жеңімпаздары анықталды

146

Балалар жылында Кентау қаласында «KENTAU KIDS MARATHON 2022» республикалық балалар марафоны өтті. Жарысқа екі мыңға жуық жас спортшы қатысып, өз бақтарын сынады.

Республикалық деңгейде ұйымдастырылған марафонда түрлі жарыс жеңімпаздары да келіп, балаларға салауатты өмір салтын ұстану маңызы мен артықшылықтарын таныстырды. 8,9,10 жас аралығындағы балалар 500 метрге, 11,12,13 жас аралығындағы балалар 1000 метрге, 14,15,16 жас аралығындағы балалар 2000 метрге жүгірді. Марафон қала орталығындағы Қонаев көшесінде өтті.

Марафон соңында қала әкімі Жандос Тасов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Айтмахаметәлі Бердашев жеңімпаздарды құттықтап, медальдар табыс етті. Ал жеңіс тұғырынан көрінген жүлдегерлерге халықаралық жарыстарға жолдама берілді.

500 метр қашықтықта ұлдар арасында Марлен Бақытжанұлы жеңіске жетсе, қыздардан Айзере Менгелбекова көш бастады. Бір шақырымда Егізбай Шерхан мен Севинч Ергешованың бағы жанды, 2 шақырым қашықтықта бірінші орыннан Дадажон Суннатуллаев пен Сарвионоз Досметова көрінді.

500м
Ұлдар арасында жеңіске жеткендер:
1. Бақытжанұлы Марлен
2. Керімбаев Ернұр
3. Ауған Сырым

Қыздар арасында ұздік танылғандар:
1. Менгелбекова Айзере
2. Лесбекова Аяулым
3. Уалихан Ұлдана

1км
Ұлдар
1. Егізбай Шерхан
2. Ахметали Мади
3. Маккамбаев Бекзат
Қыздар
1. Ергешова Севинч
2. Өтеулі Кәусар
3. Смадияр Айша

2 км
Ұлдар
1. Суннатуллаев Дадажон
2. Қожахметов Дидар
3. Зидин Илья
Қыздар
1. Досметова Сарвиноз
2. Нарзуллаева Рухшона
3. Күнқожа Дария