Қазақстандық мұнайдың бағасы арзандап жатыр

20

Қазақстандық қара алтын арзандап жатыр. Жыл басынан бері оның бағасы 24 процентке төмендеген.

Қазір тоннасының құны 72 мың теңге. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше ең қымбат мұнай Ақтөбе облысында шығады. Тоннасы 86 мың теңге. Ең арзаны Маңғыстауда 54 мың теңге. Ал әлемдік мұнай бағасы жыл басынан бері 10 пайызға ғана арзандаған.