Úı ANONS Шымкентте бірқатар ауммаққа көгілдір отын берілуіне байланысты уақытша газ өшіріледі

Шымкентте бірқатар ауммаққа көгілдір отын берілуіне байланысты уақытша газ өшіріледі

Шымкент қаласында шағынаудандар мен құрылыс жұмысы аяқталған көпқабатты тұрғын үйлер табиғи газға қосылады. Ол үшін, ағымдағы жылдың 1-7 қарашасы аралығында төмендегі тұрғын үйлер мен шағын аудандарға көгілдір отын беру кезең кезеңімен уақытша өшіріледі.

Қ. Төлеметов көшесінеде газ 2 күнге өшеді:
— «Көкжайлау» тұрғын үй кешенінде-12 дана
— Көпқабатты тұрғын үйлер саны-34 дана (Бәйдібек пен Өтегенов көшелерінің аралығы)
— «TIP PARK» элиталык қала- жеке тұрғын үйде 110 тұтынушы.
— 2 жекешелендірілген мектеп, оның ішінде «Назарбаев» атындағы жеке мектеп
— Көпқабатты үйлерге арналған қазандық (котельная)

Ал Бозарық шағынауданында 3 күн газ болмайды:

— Өзбек, Ұста Мұхаммед, Қазақ радиосы, Шымған, Садовая көшесі-3100 тұтынушы

— 15 коммуналдық тұрмыстық тұтынушы, 5 дана оңдірістік мекеме.

Тұран шағынауданы бойынша 1 күн көгілдір отын болмайды:

— Тұран 2 мөлтекауданы ішіндегі көпқабатты үйлер (1300 пәтер) және коммуналдық тұрмыстық мекемелер мен өндірістік тұтынушылар

«Ескі қала» бойынша – 2 күн (бұл мерзімге ВДГО кірмеген)
ПГБ-135

— Бостандық, Хаят, Милицейская, Шымкент, Өзбек, С. Тұрысов, көшелеріне қарасты 1125 абонент жер үйлер, көп қабатты 12 үй (380 пәтер)

— КТМ-18 дана және 5 дана ірі кәсіпорындар
ПГБ- 8

— МЖК, Текстиль аумағы мен Кабанбай батыр, Володарский, Юность, Анарова көшелеріне қарасты 234 жер үйлер және 35 дана көп қабатты үйлер (2055 пәтер)

— КТМ-18 дана және 7 дана ірі кәсіпорындар

«Әкімшілік іскерлік орталығында»- 3,4 күн аралығында табиғи газ болмайды. Мұндағы абонент саны-8000

Қосымша сұрақтар бойынша 8771-949-92-60, 39-48-54, 99-80-33, 39-74-81 нөмірлеріне хабарласауға болады. Сала жауаптылары қала тұрғындарынан туындаған келеңсіздікке түсіністікпен қарауды сұрайды. Барлық жұмыс аяқталған мезетте халыққа көгілдір отын беріледі.