Созақ ауданында ұлттық спорт мектебі ашылады

26

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданында Ұлттық спорт мектебі ашылады. Бұл туралы «Теріскей» шабандозарын қабылдап, құрмет көрсеткен аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков айтты.

Шенеунік спортшыларға жағдай жасау мақсатында осындай жоспар қойылып отырғанын айтады. Жалпы бұған дейін елімізде алғаш рет «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өткен еді. Аламанда шабандоздар 1200 шақырымды бағындырды.

Дүбірлі додаға Қазақстан бойынша 19 аймақ сәйгүлік қосқан. Ал созақтық «Теріскей» командасы, Түркістан облысының намысын қорғады.