Тұрғылықты жері бойынша тіркеуіңіз бар ма?

29

 Ішкі істер министрлігі бүгіннен бастап тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азаматтарға SMS-хабарлама жіберілетінін хабарлады.

«Eгер сізге осындай SMS-хабарлама келсе, онда ішкі істер министрлігінің дерекқорында сіздің тіркелуіңіз туралы мәліметтер жоқ. Сондықтан сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелу қажет», – дейді мамандары.
Осы орайда министрлік тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін әкімшілік жазаның бар екенін еске салды.
Атап айтқанда, 10 күннен 1 айға дейінгі мерзім болса, ескерту жасалады. Ал 1 айдан асқан жағдайда 7 айлық есептік көрсеткіш (21 441 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Айта кетері, тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі “Электрондық үкімет” порталында, сондай-ақ “Halyk Bank” АҚ-нің – “Halyk Homebank” мобильді қосымшасында қолжетімді. Тіркеу туралы мәліметтерді порталдағы “жеке кабинетте” (eGov.kz) немесе “eGov mobile” мобильді қосымшасынан тексеруге болады.