Түркиядан зергерлік бұйым алып келгендер әуежайда ұсталды

33

Қаржылық мониторниг агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері елорданың халықаралық әуежайында контрабандалық зергерлік бұйымдарды тәркіледі. Ыстамбұлдан Қазақстанға салмағы 28 келіден асатын 7178 контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкелмек болған азамат ұсталды.

«Бұл факт Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге шектелген тауарларды, заттар мен құндылықтарды өткізу ережелеріне қайшы келеді, олар үшін өткізудің арнайы ережелері белгіленген. Экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды», – дейді ведомство.
Мамандардың айтуынша, декларацияланбаған зергерлік бұйымдардың жалпы кедендік құны 560 миллион теңгеден асты.