Әкімдер мен министрлер өз міндеттерін атқаруды жалғастырады

32
Мүрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі
Президентке бағынатын және есеп беретін әкімдер, министрліктер мен ведомстволар тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін орындауды жалғастырады. Бұл туралы Ақорда жариялаған жарлықтардың мәтінінде айтылған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан президенті қызметіне кіріскен кезде Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты президент қаулы жасады.
«Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген қаулыда.