Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері тағы қымбаттады. Ресми мәліметке сәйкес, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2 процентке өсті. Ай басталғалы 0,4 процентке, ал жыл басынан бері 21 процентке қымбаттаған.
«Жылдық мәнде олар 20,5%-ке қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,6 пайыздық тармаққа жоғары», -делінген ресми хабарламада.
Өткен апатада қымбаттаған тауарлар: жұмыртқа, І санат + 1,4%;
пияз + 1,2%
Өткен апта арзандаған тауарлар:
қарақұмық – 0,2%;сәбіз – 0,8%;қант – 0,5%
Республика бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:
күріш келісіне – 332 теңге;
қанттің бір келісі – 502 теңге;
сүзбе келісі – 1844 теңге.
Айта кетері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Соның ішінде түтік кеспе, қарақұмық, күріш, картоп, сәбіз, пияз, орамжапырақ, қант, күнбағыс майы, сиыр мен тауық еті, сүт, айран, жұмыртқа бар.