Еңбек министрлігінің платформасында 133 мыңнан астам азамат оқыды

24

skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасы іске қосылған сәттен бастап 133 мың азамат, оның ішінде 24,9 мың жұмыссыз адам курстан өткені туралы сертификат алды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Платформада жалпы 167,6 мың қазақстандық тіркелді, оның 154,1 мыңы 2022 жылы тіркелген. Оқудан өткен 24,9 мың жұмыссыздың 7,6 мыңы – негізінен Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы қаласының жастары.
«Платформа іске қосылған сәттен бастап авторлар онда әртүрлі бағыт бойынша 162 курс жариялады, оның 107-і тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін», — делінген хабарламада.
Ең танымал курстар – «Сүтті ірі қара өсіру», «Управление персоналом», «Выращивание клубники от А до Я», «Кассир» және «Ұннан жасалған кондитер өнімдері, жіктелуі және дайындалу технологиясы».
Оқуға тікелей мына сілтеме арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы өтуге болады.
Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – студент тарапынан курсты бағалау.
Бұл сертификат Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші skills.enbek.kz-те табысты оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.