Exit poll: Сайлаушылардың 82 %-дан астамы Тоқаевқа дауыс берді

20 қарашада өткен кезектен тыс Президент сайлауы кезінде Еxit poll әдістемесі бойынша алғашқы қорытындылары мәлім болды.

Сонымен, «Ашық қоғам» өңірлік зерттеулер халықаралық институты жүргізген Exit-poll нәтижесі мынадай:

Қасым-Жомарт Тоқаев —82,45%;

Мейрам Қажыкен —2,23 %;

Жигули Дайрабаев — 3,33%;

Қарақат Әбден — 2,54%;

Салтанат Тұрсынбекова — 2,08%;

Нұрлан Әуесбаев — 2,17%;

Бәріне қарсымы – 5,2%.

Осылайша алғашқы үш Exit poll қорытындысы да үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс Президент сайлауында айқын басымдықпен жеңді дегенге саятын мәлімет ұсынып отыр. «Ашық қоғам» институтының нұсқасы бойынша Қ.Тоқаевқа сайлаушылардың 82,45%-ы дауыс берген. Екінші орында 5,2% дауыспен «бәріне қарсымын» деген бағана тұр.