Бүгін 20 қараша жексенбі күні Қазақстан аумағында кезектен тыс президент сайлауы өтуде. Республика бойынша дауыс беру құқығына ие. Түркістан облысы бойынша 1 млн. 163 860 адам ие. Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылының тұрғындары сайлауға мерекелік көңіл күймен қатысуда.
Төрткүл жалпы орта мектебінде орналасқан №468 сайлау учаскесінде дауыс беруге ниет білдіргендердің қарасы қалың. Таңғы 7-ден дауыс берген аға буын өкілдері кезектен тыс президент сайлауының ел үшін маңыздылығн түсінеді.
Төлен Бекзағқлов,, Төрткүл ауылының тұрғыны: «Бірінші болып дауыс бердім. 7 жылға сайланатын президентіміз халықтың жағдайын ойлайды деген. Бай халықпыз. татулығымыз жарасқан».
№468 учаскеде дауыс беру құқығына 2043 адам ие. Сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Оған өзіміз көз жеткіздік. Өйткені түсірілм барысында 20 шақты адам дауыс беріп үлгерді. Сайлау барысын осындағы байқаушылар бақылауда.
Немерелерінің болашағы үшін бүгінгі саяси шараға келген қариялар, ақ жаулықты аналар таңдауларын жасады. Елді әділ, жанашыр басшы басқарады деген үмітте.
Сайлау 20:00 — ге дейін жалғасады. Дәл осы сәттен бюллетендерді санау басталады. Қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы ресми жариялайды.
Шынар Оразова