«HAQ» қоғамдық қайырымдылық қоры 20-шы қарашада Қазақстанда өтетін кезектен тыс президент сайлауына тәуелсіз бақылаушылар қатарында болады.
Қор өкілдерінің сөзінше тәуелсіз бақылау – демократиялық қоғам құру үшін маңызды. Сондықтан барлық журналистерді, үкіметтік емес ұйымдар мен елдің тағдырына бей-жай қарай алмайтын қарапайым азаматтарды осы іс-шараға келіп қатысуға шақырамыз- дейді белсенділер.
«HAQ» қоғамдық қайырымдылық қорының атқарушы директоры Тоғжан Қожалиева Шымкентте. Ол қарашаның 20-на өтетін кезектен тыс президент сайлауында тәуелсіз бақылау жүргізілетінін жария етті. Ал бақылаудың мақсаты- азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру. Демократияның өзегі-сайлау, ал сайлау кезінде ең басты тірек-ол бақылаушылар. Егерде бақылаушылар көп болса, онда сайлау да таза, әділ болады- дейді, Тоғжан Қожалиева.
Тоғжан Қожалиева, «HAQ» қоғамдық қайырымдылық қорының атқарушы директоры: «Біз осы ел бойынша 1 мың бақылаушы шығарамыз деп жатырмыз. Ол біздің 4-ші тәжірибеміз. Президенттік сайлауда. Бақылауды біз 8 қалада жүргіземіз. Ол Атырау, Астана, Алматы, Ақтау, Жаңаөзен, Ақтөбе, Қарағанды мен Шымкентте».
Саяси науқанда ел жастарының белсенді болғаны маңызды. Біз демокртаиялық мемлекет болғаннан кейін негізіміз — ол сайлау. Сондықтан мұндай маңызды кезеңде өскелең ұрпақтың белсене атсалысып, үн қосуы өз кезегінде олардың патриоттық рухын көтеріп, елге деген жанашылығын, жауапкершілігін арттырады дейді, қоғам қайраткері Аманолла Раманқұл.
Аманолла Раманқұл, қоғам қайраткері: «Біз сайлауға баруға міндеттіміз. Көшеге шығып сайлау күні бұл дұрыс емес дегенімізден түк шықпайды. Протоколмен, қолымыздағы дәлелдермен дәлелдеуіміз керек. Құрметті айналайын, жастар, ол сіздердің құқықтарыңыз. Сол құқықтарыңызды пайдалануларыңыз керек. Сіздерді сайлауда бақылауға шақырамын. Шымкентте 318 сайлау учаскесі, облыста 1500 дей 2019 жылы 70 пайызын жапқанбыз. Бір тәжірибелі бақылаушы қасына екі жас бақылаушы қосып береміз».
Айта кетейік, бүгінгі жиынға тәжірибелі бақылаушы, бірқатар сайлауларда халықаралық ұйым мүшесі ретінде бақылау жүргізген Жарқынбек Сейтімбетов те қатысты.
Жарқынбек Сейтімбетов, бақылаушы: «Болашағымыз — жастар дейміз осындай азаматтық қоғамды құру үшін белсенді болуларыңыз керек. Қоғам үшін қызмет жасау керек. Өйткені, оның ішінде сенің мүддең де бар деген ғұлама».
Ал қоғам белсенділері сайлаудың алдында тәуелсіз бақылаушы болуға ниеті білдірген азаматтарға арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дәріс береді екен.
«HAQ» Қоғамдық қайырымдылық қорынан төленді БСН: 190840027314, 2019 жылдың «27» тамызы