Шымкенттік кәсіпкер 250 млн. теңге салықтан жалтарған

25

Шымкенттік кәсіпкер 250 млн. теңгеге жуық салық пен мемлекеттік төлемнен жалтарған. Қаржылық мониторинг агенттігі зерделеу барысында ЖШС-тің заңсыз жолмен есептілік жүргізгенін анықтаған.

Күдікті сұйылтылған газды заңсыз түрде Тәжікістан, Ауғанстан сынды елдерге тасымалдағаны анықталды. Бұл қылмыстық іске байланысты тергеу жұмысы жүргізіліп, сот үкімі шықты. Сот шешімі бойынша күдікті 7 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Камилхан Исмаилов, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы: «Шымкент қаласы бойынша департаменті 250 млн. теңгеге жуық сомаға салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактісі бойынша ЖШС басшысына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады. Сот үкімімін аталған оқиғаға қатысты 7 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды».