Түркістан: Жылу қазандығының жай-күйі тексерілді

123

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әкімшілік-іскерлік орталығындағы тұрғын үйлердің құрылыс барысымен және жылу қазандығының жай-күйімен танысты.

Көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар толық жылумен қамтылып, ешбір тұрғын қиналмауы тиіс деген өңір басшысы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, жылуды үздіксіз беру жөнінде тапсырма берді.

Сондай-ақ қазандыққа қатысты мәселелер туындаса, жедел шешуге қолдау көрсететінін жеткізді.