Ұдайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады

50

Жуырда Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы басқарма тарапынан 2022 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы брифингте баяндады.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, тұрғын үй коммуналдық саласының қызметін оңтайландыру және тұрғын үй қорын сақтау мақсатында Шымкент қаласы бойынша бекітілген Заң талаптарына сәйкес, кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері 27,3 теңге болып бекітілген. Тұрғындардың осы мәселеге орай ұдайы өтініш жасап отырады. Ортақ мүлікті сақтап, күтіп ұстауға қатысты тұрғындар тілегі ұдайы басты назарда.

Қазіргі қолданыстағы ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңына сәйкес көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтерлер меншік иелерінің кооперативтері, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтері, тұтыну кооперативтері үшін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін өз қолданысын сақтайды.

Сонымен қатар, ҚР Индустрия және инфрақұрылым даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Республикалық «Е-Шаңырақ» ақпараттық жүйесіне көппәтерлі тұрғын үйлердің техникалық паспорттарының деректерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Нұрдәулет Құрбанбекұлы, Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы: «Бүгінгі күні қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің саны — 2 236. Басқару нысанын тіркеуге жататын тұрғын үйлер — 1 823, қала бойынша мүліктің меншік иелері бірлестіктері (МИБ) — 124, жай серіктестік (ЖС) — 1 699, басқару нысанын жалпы тіркелген — 1 823. Қала бойынша тіркелген басқару объектілері 100 пайызды құрайды. Ал қаладағы жалпы лифтілер саны — 685. Оның ішінде: тұрғын үйлерде орнатылған лифтілер — 561, денсаулық сақтау мекемелерінде — 51, білім беру басқармасына қарасты мектептерде — 23, қоғамдық орындар мен сауда орталықтарында және қонақ үйлерде — 50».

Барлық лифттер басқарма тарапынан ұдайы бақылауда болады. Айта кетейік, ҚР «Азаматтық қорғау» Заңының талаптарын орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері  сексен сегіз лифтіге комиссиялық сынақтар өткізіліп, он тоғыз лифт тіркеуге қойылды. Сынған, күрделі жөндеуді қажет ететін жағдайда әлбетте жауапты тараптар тарапынан тез арада қалпына келтіріледі. Тұрғындар лифт бұзылған жағдайда «iKomek 109» бірыңғай байланыс орталығына өтініш қалдырады.

Лифттерді  пайдаланудағы қызмет көрсетуші мекемелер қауіпсіздік шараларының алдын алу мақсатында ұдайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады.