Úı Jańalyqtar «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына байқау жариялады

«Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына байқау жариялады

Ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына байқау жариялады.

«Байқаудың қорытындысы бойынша еліміздің үздік ғалымдарына 50 сыйлық тағайындалады. 1 сыйлықтың мөлшері 2000 айлық есептік көрсеткіш, яғни 6 126 000 теңге болады», — деп хабарлады министрлік.

Айта кетері, өткен жылы байқау жеңімпаздарына 5 834 000 теңгеден берілді. Конкурстың мақсаты – отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің еңбегін көтермелеу.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы электронды форматта 3 желтоқсанға дейін қабылданады.