Кеше Ыстанбұл көшесінде жарылыс жасады деген күдікті ұсталды. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілеме жасап.
Сулейман Сойлу күдіктіні қаланың Полиция басқармасының қызметкерлері ұстағанын мәлім етті. Сондай-ақ Сойлу билікте Түркияда террористік ұйым ретінде танылған Күрдістан жұмысшы партиясының өкілдерінің шабуылға қатысқаны туралы дәлелдер бар екенін де жеткізді.
Еске салсақ, кеше Ыстанбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болды. Жарылыстан 4 адам қаза тауып, 38 адам жараланғаны алдын ала хабарланды.
ҚР Ыстанбұлдағы Бас консулдығы Түркиядағы қазақстандықтарға, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде барынша сақ болуға кеңес береді.Қазақстанның шетелдік өкілдігі түрік билігімен байланыста. Зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ.