«Жабық базарға» заңсыз ауланған пайызторғайды алып келген тұлға анықталды

30

Шымкент қаласы аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.

Мәселен, 2022 жылдың 13-қарашасында «Жабық базарға» заңсыз ауланған пайызторғайды алып келген тұлға анықталып, әкімшілік шара көрілді.
Тәртіп сақшылары аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.
Айта кетейік, республика көлемінде қолға алынған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 20-қарашаға дейін жалғасады.