Жемқорлардан қайтарылған қаржы көлемі 50 миллиард теңгеге жетті. Үкімет басшысының айтуынша, қазір арнайы шот ашылған.
Ақша соған түсіп жатыр. Оны 100 миллиардқа жеткізу көзделген. Кейін бұл қаржыға жаппай мектептер салынады. Қыркүйектегі жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлардан өндірілген ақшаға білім ұяларын салып, апатты, үш ауысымды мектептер мәселесін шешуді тапсырған еді.