80 мемлекеттің азаматтары Қазақстанға визасыз қатынайды

0

Сыртқы істер министрлігі  2022 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Қазақстанға 80 мемлекеттің азаматтары визасыз қатынайды.

Оның ішінде жалпы азаматтық төлқұжаттар  үшін 26 мемлекет бар. Төлқұжаттың әртүрлі санаттары бойынша 9 жаңа елмен өзара келісімдер жасалды. Қолайлы инвестициялық жағдай жасау мен іскерлік байланыстарды жандандыру және елдің туристік әлеуетін арттыру үшін Үкімет Иран, Қытай және Үндістан азаматтары үшін визасыз режим енгізді. Бұл осы елдердің азаматтарына Қазақстан аумағында 14 күнге дейін болуға мүмкіндік береді.

«Биыл ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазақстанның сыртқы саяси қызметі халықаралық жағдай мен жаңа сын-қатерлер мен қауіптерді ескере отырып жетілдіріліп отырады», – деді ресми өкіл. Қазір Қазақстан әлемнің 186 мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатты.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі: «Қазақстан бұдан былай БҰҰ Жарғысын, Халықаралық құқықты, халықаралық қатынастардағы теңдік пен демократия қағидаттарын ұдайы сақтайтынын атап өткім келеді. Мемлекет басшысы өзінің иннагурациялық сөзінде атап өткендей, халықаралық турбуленттік жағдайда Қазақстан теңгерімді, көпвекторлы және сындарлы сыртқы саясатты ұстанады».