Әлемдегі әйгілі Carducci мен Simoni бренді жаңа топтамасын Шымкентте таныстырды

28

Әлемге әйгілі ерлер киімінің бренді Carducci және Simoni Шымкентте жаңа топтамасының тұсаукесерін өткізді. Трендтегі киімдерді Izumy сауда желісінен көруге болады. Сонымен қатар, үшінші мегаполистегі элиталық киім дүкенінің қызметкерлерін оқытуға белгілі дизайнерлер командасы да арнайы келіпті.

Еуропалық Carducci және Simoni брендімен эксклюзивті стиль дайындауға болады. Шымкентте ерлер киімінің жаңа топтамасында соңғы сән трендтері мен жігіттердің талғамы ескерілген. Киім мен аксессуарлардың кең ассартименті жеке стильге баса назар аудара отырып, сіздің образыңызды толықтыра түседі. Ал Кардуччи мен Симони брендінің иесі Илхан Байрак өзінің сәнді образ жасау құпияларымен бөлісті.

Илхан Байрак, Carducci және Simoni зауытының құрылтайшысы: «Біздің дүкеннен сіз қыс мезгіліне, жаңа жылға және басқа мерекелерге арналған эксклюзивті образдарды таба аласыз. Кардуччи мен Симони киімдері итальяндық үлгі бойынша тігіледі. Біз шымкенттіктер үшін жаңа топтама дайындап келдік. Осы сәтті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтағым келеді. Осы мереке қарсаңында Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын».

Компанияның топ-менеджері Огур Оғыз да Шымкентке келді. Еуропалық бренд командасының тағы бір мақсаты – келушілерге киім таңдауға көмектесу, тауарды сатып алушы стиль мен түстердің көптігінен шатасып қалмайтындай етіп орналастыру және жалпы сатушыларға жұмыстың қыр-сырын үйрету.

Огур Оғыз, Carducci және Simoni зауытының топ-менеджері: «Күртеше, жейде, шалбар, пальто секілді жалпы толық ерлер топтамасы дайын. Біз ең жоғары сапада ең қолжетімді бағаға қызмет көрсетеміз. Бізде жаңа материал, жаңа технологиялар және экоматериалдар бар. Көктем-жаз топтамасында негізінен ашық, сары, жасыл және сұр түстер трендте»

Izumy дүкені сіздің образыңызға еуропалық талғампаздық қосуға мүмкіндік береді. Әлемге әйгілі бренд сауда желісімен 20 жылдан астам уақыттан бері ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Сәнді шеберлік сабағының арқасында Izumi сауда желісінің қызметкерлері тіпті ең талапшыл клиенттің қажеттілігін де қамтамасыз ете алады.

Адель Өтебаева, IZUMY сауда желісінің сату бөлімінің басшысы: «Біздің компания Carducci және Simoni брендтерімен 20 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді. Біздің келушілер сапаға өте риза. Бізде 30% дейін жеңілдіктер де бар»

Айта кетейік, мереке қарсаңында дүкенде сатып алушыларды арнайы жеңілдіктер мен бонустар және ерекше ұсыныстар күтуде.

Мекен-жайы: Бәйдібек би даңғылы №53, IZUMY сауда үйі