Úı ANONS Әлеуметтік саладағы 23 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Әлеуметтік саладағы 23 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде

фото Бүгін.кз

2022 жылы Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар 23 нысанда құрылыс жұмыстары басталды.

Ағымдағы жылы жалпы 7 әлеуметтік сала нысандардың құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінгі күнге, №38, 46, 47, 72, 80 мектептердің қосымша оқу ғимараттарының құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды.

Сонымен қатар, 1 саябақ пен ауылшаруашылығы саласында биотермиялық шұңқыр құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды.

Қалған 16 әлеуметтік сала нысандарының құрылысы 2023 жылға өтпелі.