Енді Мәжіліс заңдарды қабылдайды, Сенат мақұлдайды. Бүгін елордада қос палатаның бірлескен отырысы өтті. Жиында Сенат пен Мәжіліс арасындағы қарым-қатынасты реттейтін ішкі құжат қабылданды.
Биыл елде өткен референдум аясында Конституцияға Парламенттің қос палатасы – Сенат пен Мәжіліс арасындағы қатынастарды реттейтін нормалар енгізілген болатын. Бұл Парламентте заңдарды қарау үдерісін жылдамдатады. Депутаттар реглементті толықтыру және өзгерту бойынша ұсыныстарын берді. Құжатта Мәжіліс заң жобаларын қалай қарайды, құжаттарды қарау мерзімі, сондай-ақ оларды бекіту немесе қайтару талаптары ескерілген. Осы тұрғыда қос палатаның өзара іс-қимылына қатысты өзекті мәселелер қаралып, регламент қабылданды.
Айдос Сарым, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты: «Мәжілістің регламентіне 100-ге жық ұсыныстар келіп түсті. Оның барлығы Мәжілістің ашықтығын қамтамасыз ету, ішіндегі бәсекелестікті арттыру, алдағы уақытта жеке мандаттық округтардан келіп түсетін депутаттар мен партиялар арасындғы қарым-қатынастар, әрбір талқы аяқталғаннан кейін оппозияция өкілдеріне дауыс беру алдында сөз сөйлеу уақыты бар, осындай көптеген ұсыныстар енгізіліп жатыр».