Izumy сауда желісінде Silvio Totti брендінің аяқ киімдеріне жеңілдік

88

Стильді, ыңғайлы және ең бастысы сапалы. Танымал италяндық Silvio Totti бренді Izumy сауда желісінде аяқ киімдердің жаңа топтамасын ұсынды. Сондай-ақ Шымкентке келген компания өкілдері дүкен сатУшы-консультанттарына арнайы білім беріп, келушілерге қалай қызмет көрсетуге болтынын үйретіп жатыр. Сонымен қатар мұнда, жаңа жыл қарсаңында мегаполис тұрғындарын ерекше жеңілдіктер мен арнайы бонустар күтеді.

Izumy сауда желісінің тұрақты тұтынушылары стиль мен жайлылықты таңдайды. Етік алуға келген Андрей Цуриковтің таңдауы Silvio Totti брендіне түсті. Мұнда оған тәжірибелі сатушы-кеңесшілер сапалы, мінсіз әрі қолжетімді бағада аяқ киім таңдауға көмектесті.

Андрей Цуриков, Izumy сауда желісінің тұрақты сатып алушысы: «Бүгін мен тағы да сүйікті Izumy дүкеніне келдім. Өйткені мұнда аяқ киімнен сырт киімге дейін, сонымен қатар аксессуарлар және тағы да басқа тауарлардың кең ассартименті бар. Қазір қыс мезгілі болғандықтан мен өзіме етік таңдадым. Сондай-ақ, барлық тұрғындарды Жаңа жылмен құттықтаймын, жылы киініп, бақытты болсын дегім келеді».

Silvio Totti – Италия, Түркия, Ресей және Қазақстандағы ең танымал аяқ киім брендтерінің бірі. Кең ассортимент, маусымдық коллекциялардың тұрақты жаңартылуы, ең бастысы, жоғары сапалы аяқ киім тұтынушылардың құрметіне ие болып келеді. Компанияның негізін қалаушы Зафар Ялмаздың айтуынша, өндірушілер табан үшін жеңіл, ерекше берік материалдарды, жоғары сапалы түсті былғары мен ерекше дизайнды пайдаланады.

Зафар Ялмаз, Silvio totti брендінің құрылтайшысы: «Ұсынылған жаңа топтама да барлық түсті аяқ киімдер бар. Және бұл аяқ киім берік, ыңғайлы және стильді. Бұл модельдің арнайы резеңке табаны бар, ол өте ыңғайлы. Әрі барлық өлшемдері мен қысқы үлгілері бар. Біздің өнімдердердің бәрі сапалы және шынайы былғарыдан жасалған».

Izumy сауда желісінде қолжетімді бағадағы етік пен аяқ киімдердің кең ассартименті бар. Ал мұндағы кәсіби кеңесшілер сізге қажет модельді таңдауға көмектеседі. Сондай-ақ олар брендті аяқ киімге қалай күтім жасауға болатынын да түсіндіреді.

Яғни, Izumy сауда желісіндегі Silvio Totti аяқ киімінің арқасында өміріңізді жайлы ете аласыз. Бұдан бөлек сауда желісінде, nursace, mario muzi және damlаx аяқ киім брендінің өнімдері де бар. Жаңа жыл қарсаңында дүкен әдеттегідей келушілерді жағымды жеңілдіктермен және ерекше бонустармен қуантатын болады.