Қазақстанда пәтерге қол жеткізу қиын. Сала мамандары тұрғын үймен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың көбін қайта қарау керек деген пікірде.
Мамандар салымшы арасында кең таралған «7-20-25» бағдарламасының алгоритмін өзгертуді ұсынып отыр. Өйткені қазір 20 миллионға бір бөлмелі ғана пәтер тиеді. Оның жөндеу жұмысы тағы бар. Сәйкесінше, беретін сома көбейтіліп, несие төлеу жылы да 35 жылға дейін ұзартылсын,- дейді.
Құрылыс материалдарының жартысынан астамы шетелден жеткізіледі. Отандық кәсіпорындар, басқасын айтпағанда, ішкі нарықты цемент, тас, кірпішпен толық қамти алмай отыр.Әлемдегі геосаяси жағдайда тасымалға кері әсер еткен. Бұның салдары баға тұрақсыздығына әкеп жатыр.
«Ауылдан келіп, өндірісте істеп жатқан, қара жұмыс істейтін, құрылыста істеп жатқан жастар көп. Олар бірде-бір бағдарламаға ілікпейді. Олар қайдан қара жұмысқа барады? Қазір жастар мына аязда кірпіш қалап, бетон құйып жатыр. Ешбір бағдарламаға ілінбейді», — дейді Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев.