Қоғамдық орындарда бетперде тағу ұсынылды

148

Үкіметте коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Ресми мәліметке сәйкес, қараша айының басынан бері республика бойынша коронавирусты жұқтырған адамдардың саны өсіп келеді. Тәулігіне 235 (КВИ+) науқас тіркеледі. Бұдан бөлек, 40 адамда КВИ- анықталып тұрады.

Соңғы бір аптаның ішінде вирусты жұқтыру көрсеткіші 21 процентке арттты. Аптасына 1 001-1 283 жағдай тіркеледі.
«Бүгінгі таңда барлық өңір – «жасыл» аймақта. Сонымен қатар 15 өңірде R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуының өсуінің белгісі. Ал бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, R көрсеткіші 1-ден жоғары болса, қоғамдық орындарда бетперде тағу ұсынылады», — деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Вице-премьер Алтай Көлгінов мемлекеттік органдардың басшыларына, әкімдіктерге халықты вакциналау және ревакцинациялау жұмысын жандандыруды, халық арасында түсіндіру жұмысын күшейтуді тапсырды.