Бүгін күндіз Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы жанармай құю бекетінің аумағында өрт шықты. Куәгерлердің айтуынша, алдымен жүк көлігінің кабинасынан қою түтін шыға бастаған. Бірнеше минуттан кейін жалын тіркемесіне тараған.
Оқиға орнына жақын маңда болған бекет қызметкерлері мен жүргізушілер дереу әрекет етіп, өзге көліктерді қауіпсіз жерге көшіріп, өрт сөндіру қызметіне хабар берген. Өрт сөндірушілер шақырту бойынша келіп, тілсіз жауды ауыздықтады.
Алдын ала деректер бойынша, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.







