Стамбулдағы шоуда Dildor Сән үйінің эксклюзивті заттар жинағы елдің таңданысын тудырды. Сән үйінің негізін қалаған Дилдор Ерметова үшін бұл бірінші халықаралық шоу. Әр зат — қолдан жасалған, сапалы, қолжетімді, ең бастысы — эксклюзивті.
Dildor Сән үйінің негізін қалаушысы Дилдор Ерметованың арманы орындалды. Шебердің қолынан шыққан әсем, сәнді киім үлгілер коллекциясы Стамбулдағы халықаралық көрсетілімде Қазақстан атынан көрсетілді.
Дилдор Ерметова, Dildor сән үйінің негізін қалаушы: «Бүкіл ұсынылған Коллекция қолмен жасалған, бояуы да ерекше. Біз кескін жасаған кезде бірінші кезекте адамның мінезін ескереміз. Адамның темпераментіне де қараймыз. Адамға тән эксклюзивті дүние шығару үшін адамды зерттейміз».
Феруза Дилдордың бұйымдарына ғашық. Өйткені мұнда шеберлер өз туындыларымен бізді таң қалдырады. Ерекше стиль, талғаммен үйлестірілген ансамбль әйелдерді бей-жай қалдырмайды. Мен эксклюзивті затты сатып алып, өзімді патшайымдай сезінгенді ұнатамын, дейді, ол.
Dildor сән үйінің ашылғанына екі жыл толды. Қысқа мерзімде өзінің тұрақты тұтынушыларын тауып үлгерген сән үйінің эксклюзивті заттарына сұраныс артып келеді.
Dildor Сән үйінің негізін қалаушысы атап өткендей, эксклюзивті заттар пішіні және үлгісіне қарай тартымды. Оған көз жеткізу үшін дилдорға келу керек.
Мекен-жайы: Dildor сән үйі Шымкент қаласындағы Майлы Қожа көшесі, 88.
Тел. 87719998926