Түркістан мен Стамбул бауырлас қалалар атанбақ

186

«TDBB» (Türk dünyası belediyeler birliği) бас хатшысы Фахри Солак пен Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Әлия Шалхарова іскерлік кездесу өткізді.

Басқосуда Түркістан қаласы мен Ыстамбұл қаласы арасындағы бауырластық талқыланды.

Кездесу барысында аталған бағытта «бауырлас қалалар» меморандумына
желтоқсан айында қол қойылатындығы айтылды.

Бұл келісімшарт туризм, білім, медицина, қаланы басқару және муниципальді менеджмент саласында өзара тәжірибемен алмасуға үлкен мүмкіндік береді.
Жүздесу Ыстамбұл қаласындағы «Түркі дүниесі қалалары бірлігі» одағының бас офисінде ұйымдастырылды.