Түлкібас аудандық орталық ауруханасында қызмет көрсету сапасы артқан

109

«Күн суытқаннан бері дәрігерлердің көмегіне жүгінгендердің саны күрт өсті»,- дейді ақ халаттылар. «Егерде дене қызуы мазалап, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз учаскелік дәрігеріңізді үйіңізге шақыруға болады»,- дейді Түлкібас аудандық орталық ауруханасындағылар.

«Маска киіңіз, Сіздің температураңыз дұрыс».
Түлкібас аудандық орталық ауруханасының емханасына келгендерді ақпараттық жүйе осылайша қарсы алады. Дене қызуыңыз болса сізді кезекші дәрігер жедел түрде қабылдайды.

Тельман Алиев, Түлкібас аудандық орталық ауруханасы басшысының орынбасары: «Түлкібас аудандық орталық ауруханасы 94 мың халыққа қызмет көрсетуде. Қазір «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша құжаттар айналымы электронды форматқа өткен, қызмет түрлері де оңтайланған. Учаскелік дәрігердің  жұмыс кестесі және қабылдау күндері мобильді қосымша жүктеп сол арқылы біліп отырады».

Емханада ұзын сонар кезек жоқ, өйткені дәрігердің қабылдауына мобильді қосымша арқылы жазылуға болады. Есесіне барлық кеңестер осы қосымша арқылы, аурухананың сайтына кірсе болды, барлық ақпар тұр. Анализдің нәтижесін емханаға келмей-ақ үйлерінен отырып ал мүмкіндігі бар. Сосын азамат жайлы денсаулық  төлқұжаты  болады. Азамат  республикамыздың қай өңірінде болмасын, база бір болғандықтан,  денсаулығы жайлы барлық қажетті мәліметтер сол  компьюетрден табылады. Бұрынғыдай қағаз, фотосуреттер тасып жүрудің қажеті жоқ».

Медицина мекемелеріндегілер қазіргі таңда аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын халық арасында насихаттауға аса көңіл бөлінетінін айтады. Қатерлі ісік, жүрек ауруы, қан қысымының жоғарылауы, төмендеп кетуіне жол бермеу мақсатында тұрғындар жас ерекшеліктері бойынша профилактикалық тексерулерге шақыртылып тұрады,- дейді. Қант диабеті, тыныс жолдары және де тағы басқа сала министрлігі бекітілген ауруларға дәрі- дәрмектер тегін беріледі.