Түркістанда есту қабілетін қалпына келтіру бойынша бірегей оталар жасалады

255

Түркістанның қалалық орталық ауруханасында бірегей операциялар жүргізілуде. Тек бір оториноларингологиялық бөлімшеде 700 хирургиялық  оталар  жүргізілді.

Медициналық көмекті жаңа туған нәрестелерден бастап егде жастағы адамдарға дейін алуға болады. Жақында осы бөлімше негізінде кохлеарлық имплантация жасалады. Бұл   есту қабілетін қалпына келтіру отасы.

Нұрсұлтан Әбен Түркістан қалалық орталық ауруханасының оториноларингологиялық бөлімшесінде жұмыс істегеніне төртінші ай. Осыған дейін жас маман елордадағы ауруханада қызмет еткен. Бөлімшеде 2021 жылдың қараша айынан бастап 700 ота жасалған. Мұнда тек облыс орталығының тұрғындары ғана емес, Қызылорда, Жамбыл облыстарының тұрғындары медициналық көмек ала алады. Лор дәрігері заманауи жабдықтарды мақтанышпен бізге көрсетті.

Нұрсұлтан Әбен, оториноларинголог:»Осындай аппараттар – есту қабілетінің бұзылуын анықтау үшін – тек екеуі – Шымкентте және бізде Түркістанда бар. Біз сурдологпен бірге жұмыс істейміз. Бұл құрылғы есту қабілетінің бұзылу дәрежесін анықтайды. Аудиометр өршу дәрежесін анықтайды».

Бөлімшеде Лор пациенттері үшін 25 орын және  жақ-бет  бойынша  15 орын бар. Мұнда оталар мен консервативті ем жүргізіледі.

Гаухар Рысбаева, науқас: «Мен дәрігерлерге, медбикелерге, Түркістан қалалық ауруханасының барлық қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Олардың қамқорлығы мен кәсібилігінің арқасында мен өзімді жақсы сезінемін. Ұжымға үлкен табыс тілеймін, жүргізіліп жатқан барлық оталары  сәтті  өтсін».

Кәсіби біліктілігін  тек осы бөлімшенің мамандары ғана емес, сонымен қатар басқа кардиологтар, нефрологтар, урологтар, гинекологтар, травмотолгтар, ангиохирургтар үнемі арттырады.

Гүлжан Қонысова, Түркістан қалалық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары: «Келесі жылы біздің екі дәрігер Израильде кәсіби біліктілігін арттырады деп жоспарладық. Сондай-ақ, Астанада да біздің мамандар тәжірибе жинақтайды. ЛОР бөлімшесінің базасында бірегей ота – кохлеарлық имплантация жасауды жоспарлап отырмыз. Ол есту қабілетін қалпына келтіруге көмектеседі».

Түркістан қалалық орталық ауруханасы  базасында шеберлік сабақтары да  өткізіледі. Астанадан келген балалар дәрігері Қожамжаров жақ-бет хирургиясы бойынша жергілікті мамандармен ай сайын  қырыққа жуық ота жасалады.