Ұлттық жоба: Жастар үшін жеңілдетілген микрокредит беріледі

84
Кәсіпорын
фото zhaikpress.kz

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жастар үшін жеңілдетілген микрокредит берудің жаңа тетігі енгізіледі, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Микрокредиттер кәсіпкерлікті бастағысы келетін не кәсіпкерлікпен айналысатын, тауарлар өндіретін, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, сату және айырбастауды жүзеге асыратын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурстық негізде берілетін болады.

Микрокредиттер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5% — дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңге. Несие алу үшін кепілдің болуы міндетті. Микрокредит кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі.