Арыстық кәсіпкерлер 30 отбасына тегін көмір таратты

30
фото Егемен

Арыстық азамат 4 ауыл тұрғындарына қайырымдылық жасады. Бұл шара жас кәсіпкер Олжас Сансызбайұлының бастамасымен жүзеге асты.

Олар 7 тонна көмір қаптап, аз қамтылған 30 отбасы мен 2 мешітке тегін таратты. Сонымен қатар 40 қап ұнды көпбалалы және асыраушысынан айырылған отбасыларға үлестірді. Қайырымдылыққа Ақдала, Дермене, Еңбекші елді мекенінің белсенді жастары да атсалысқан. Олар бұл істі дәстүрлі түрде өткізіп келеді.

Ал Ақдалалық кәсіпкер әлеуметтік аз қамтылған ауыл тұрғындарына монша қызметін тегін ұсынып, жерлестерінің алғысына ие болып келеді.